Оңтүстік Корея астанасы Сеулде шорт-тректен 10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, дүниежүзілік додаға әлемнің 34 елінен 180-ге жуық шорттрекші қатыспақшы.

Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды.

Ерлер – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван.

Әйелдер – Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек.

Қазақстан құрамасын Нұрберген Жұмағазиев бастаған мамандар баптайды.