Оңтүстік Африка республикасының біріншілігінде өнер көрсететін "Ричардс Бэй" клубының футболшысы Сифамандла Мтоло жаттығу кезінде көз жұмды. Ол 29 жаста болатын, деп хабарлайды Африка футбол конфедерациясының (CAF) ресми сайты.

Қайғылы жағдай 8 наурыз күні таңертең тіркелген. Белгілі болғандай, футболшы жаттығу кезінде есінен танып қалып, кейінірек көз жұмған. "Ричардс Бэй" клубы футболшының өлімінің себебін атаған жоқ.

- Африка футбол конфедерациясы "Ричардс Бэй" клубына Оңтүстік Африка республикасының чемпионатының жоғарғы лигасына шығуға көмектескен ойыншыны қимайтынын жеткізді. Ұйым Сифамандла Мтолоның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, - делінген хабарламада.