"Ақтөбе" футбол клубы мен қазақстандық жетекші букмекер Olimpbet арасындағы келісім-шартқа қол қоюға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Клубтың басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев журналистердің сауалдарына жауап беріп, биыл да "Ақтөбе" ел чемпионатында жоғары орындар үшін таласатынын айтты. Сондай-ақ ол еурокубок ойындарында да ақ-қызылдар сәтті өнер көрсетуге тырысатынын жеткізді.

Ал команданың бас бапкері Андрей Карпович жаңадан қосылған ойыншыларды таныстырып, құрамды одан әрі күшейту жоспарын бөлісті.

"Ақтөбенің" жаңа титулдық демеушісі Olimpbet компаниясының сыртқы байланыс жөніндегі директоры Андрей Жарков жоғары деңгейдегі кезекті келісім-шартпен мақтанатынын айтып ағынан жарылды.

Баспасөз мәслихаты барысында "13 сектор" фан-қозғалысының жетекшісі Фархат Имашевқа "Халық көзайымы" сыйлығы табысталды. Сонымен қатар клуб футболшылары жанкүйерлермен суретке түсіп, қолтаңбаларын таратты.