«Қайрат» АФК ойыншысы Дәурен Нұрғожин футзалдан Қазақстан құрамасы сапындағы 75-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәурен еліміздің бас командасындағы алғашқы ойынын 2009 жылы 19 ақпанда Англияға қарсы өткізген. Аталған матчта Қазақстан құрамасы 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Словения құрамасына қарсы кездесу (3:3) оның ұлттық құрама сапындағы 75-ойыны болды. Осы аралықта ол 18 гол соқты.

Нұрғожин 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Еуро-2018 және 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан, сондай-ақ 2016 жылғы әлем чемпионатында өнер көретті.