Құрамында Бексұлтан Әбжал, Қуаныш Ерғашбай, Нұрсәт Айтмырза және Қайназар Нұрқатұлы бар жас семсерлесушілер командасы Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында тұғырдың үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар жартылай финалда жеңімпаздар – турнир қожайындары – Өзбекстан құрамасынан 29:45 есебімен ұтылып қалды, бірақ Жапония құрамасымен 3-орын үшін тартыста басым түсті (45:37). ).