Италиялық футбол бапкері Итало Галбиати 85 жасында қайтыс болды.

Галбиати 2012–2014 жылдары Ресей құрамасында жұмыс істеген. Ол сондай-ақ Милан, Реал Мадрид, Рома, Ювентус және Англия құрамасында Капеллоның көмекшісі болған.

«Милан тарихындағы көптеген жетістіктердегі маңызды тұлға Итало Галбиати бізді тастап кетті. Біз оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Миланның баспасөз қызметі.