Америкалық киберспортшы Хантер SicK Мимс ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Dot Esports порталы жазды. Басылым ақпараты бойынша, ойыншы Ferrari дилерлік орталығының қызметкерімен жанжалдасып қалған. Қызметкер Мистен орталықтан шығуды сұраған, бірақ киберспортшы бас тартқан.

Салдарынан жанжал орнына полиция келіп, SicK-ті ұстады.