Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Словения құрамасымен матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Словенияда өтеді және Астана уақытымен 22:50-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы таратады.

Кака үшін бұл іріктеу тобындағы соңғы матч болмақ. Қазақстан топта бірінші орында – 9 ұпай. Одан кейінгі орында Словения – 6 ұпай (3 матч) және Черногория – 0 ұпай (4 матч).