«Бенфика» «Брюгге» командасын жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесуде лиссабондықтар 2:0 есебімен ұтқан еді. Қарымта ойында қарсылас қақпасына бес гол соқты. 38-минутта Рафаэль Сильва «Бенфиканы» алға шығарса, қосымша екінші минутта Гонкало Рамос есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймның басында Рамос дубль жасады, одан кейін пенальтиден Жоау Марио мен ойыннан Давид Нерес есепті 5:0-ге жеткізді. 87-минутта қонақтар Бьорн Мейер көмегімен бір гол соқты.