«Астана» футбол клубы алматылық «Қайратты» Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтуімен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Астана» футбол клубы шын жүректен алматылық «Қайратты» Еуропа лигасының 3-ші іріктеу кезеңіне өтуімен құттықтайды! Алдағы ойындарда жеңіске жетіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуына тілектеспіз!», - деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» екі кездесудің қорытындысы бойынша «Алашкертті» 4:2 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.