Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, 24 жастағы орталық шабуылшы Станислав Крапухин ақтаулық «Каспийдің» сапын толықтырды.

«Каспий» футбол клубы шабуылшы Станислав Крапухинмен (бойы 191 см) келісімшартқа отырды. Бұған дейін ақтаулықтар түрлі себептермен Ыдырыс Умаев пен Жерар Гоумен келісім-шартқа отыра алмаған болатын.

24 жастағы Крапухин Санкт-Петербордан келген «Зенит» академиясының түлегі.

2021 жылдың жазынан бастап бұл шабуылшы Латвия чемпионатында ойнады - алдымен Рига ФК, содан кейін «Ауда» сапында ойнады. Осы командамен Латвия кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Станиславтың 19 жасқа дейінгі Ресей құрамасы сапында 9 кездесуі бар.

Ойыншы «Каспийге» еркін агент мәртебесінде ауысты. Беделді Transfermarkt порталы Крапухиннің нарықтық құнын 300 мың еуроға бағалап отыр.