Қазақстан Премьер-лигасының екінші турындағы қарағандылық «Шахтер» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы ойын елордалық «Астана-Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін матч Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтуі керек еді, бірақ ауа райына байланысты ойын Астанаға ауыстырылды.

Бірінші турда «Шахтер» «Астанадан» 1:2 есебімен жеңілсе, «Ордабасы» өз алаңында «Каспийді» 3:1 есебімен ұтты.