Эстониялық «Нымме Калью» мен израильдік «Бейтар» Еуропа лигасындағы жорықтарын аяқтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ақтөбені» жарыс жолынан шығарған «Нымме Калью» лихтенштейннің «Вадуц» командасынан екі рет ұтылды 1:3, 0:2. «Ордабасыны» қапы қалдырған «Бейтар» болса бельгиялық «Шарлеруадан» оңбай ұтылды 5:1, 4:1.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне қазақстандық командалардан «Қайрат» қана шықты. Енді ол бір аптадан кейін шотландиялық «Абердинмен» кездеседі.