Tsn.ca мәліметінше, Ultimate Fighting Championship (UFC) аралас жекпе-жектен жетекші лигасы ең үздік файтерлердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы рейтингте қазақстандық Шавкат Рахмонов үш сатыға көтерілді - тоғызыншы орыннан алтыншы орынға.

Бұл Рахмоновтың өткен демалыс күндері Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 285 турнирінің негізгі кардында осы дивизионның бұрынғы жетінші нөмірі америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңуінің арқасында болды.

Еске салайық, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы - ұлыбританиялық файтер Леон Эдвардс.

Фото instagram.com/shavkatrakhmonov94