«Ақсу» жартылай қорғаушысы Тони Сильва «Тобылға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақсы матч болды, бірақ оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін қателіктер жібергеніміз өкінішті.

Қателер ойынның бір бөлігі және мен бұл матчтан жақсы сабақ алатынымызға сенімдімін.

Келесі өз алаңымыздағы ойында жанкүйерлерімізді қуантуға бар күшімізді саламыз», - деді Сильва.