5 наурыз күні таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (Невада) UFC қарамағындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы жерлесіміздің қарсыласы америкалық Джефф Нил болды. Қос спортшы 14 қаңтарда жекпе-жек өткізуі керек болған, бірақ қарсыластың жарақатына байланысты шайқас кейінге қалды.

Кездесу алдында жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Нил Рахмоновтан жоғары тұрды: америкалық жетінші, қазақстандық тоғызыншы орында.

ММА әлеміндегі ең үздік ұйымдағы бесінші жекпе-жегінде Шавкат бесінші жеңісін тіркеді. Үшінші раунд аяқталар тұста қазақстандық спортшы қарсыласын қылқындырып, Нилге мүмкіндік қалдырмай, шайқасты ерте аяқтады.