Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының командалық жарысының бірінші күнінде үш қазақстандық спортшылар қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

София Ақтаева, Надежда Шустова, Алина Искандерова және Алуа Мұқановадан құралған әйелдер құрамасы Сауд Арабиясының командасын жеңіп, 1/4 финалда Тайпей командасынан басым түсті.

Проходов Кирилл, Әбжанов Нұржан, Балтабай Нұрмұхаммед, Уәлихан Нариман ерлер арасында 1/4 финалда Сингапур құрамасын 45/39 есебімен жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді..

Құрамында Жайлыбай Нұрмұхаммед, Станбек Сұлтан, Тілеуленов Алан және Филиппов Матвей бар қылышшылар 8-ге кіргені үшін Жапония құрамасын, ал төрттікке енгені үшін Өзбекстан өкілдерін 45/37 есебімен ұтты.