Prosports.kz назарларыңызға Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы «Ордабасы» - «Каспий» матчында Бауыржан Исламхан соққан голдың видеосын ұсынады.

Премьер-лиганың биылғы маусымындағы алғашқы голдың авторы «Ордабасының» жартылай қорғаушысы атанды. Ол матчтың 16-минутында есеп ашты.

Еске салайық, бұл Бауыржанның тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін екі жылға шеттетілгеннен кейінгі алғашқы кездесуі.