Бүгін, 4 наурызда Ташкентте Еуразиялық промоушеннің OCTAGON 42 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz

Кеш аясында Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан файтерлері қатысқан 16 қызықты жекпе-жек өтеді.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жеңіл салмақта Достон Бозоров (7-1) пен Жансерік Жақсығұлов (3-2) «уақытша» чемпион белбеуін сарапқа салады.