Бүгін ВТБ Бірыңғай лигасы аясында елордалық «Астана» мен Пермь қаласының (Ресей) «Парма-Пари» командасы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» биылғы маусымда бар болғаны екі рет жеңіске жетіп, турнирлік кестете беларусьтік «Минск» командасынан ғана алда тұр.

Ал алты мәрте жеңіске жетіп, он рет жеңілген «Парма-Пари» турнирлік кестеде сегізінші орынға жайғасқан.

Екі команда арасындағы екінгі кездесуде ресейлік команда 94:74 есебімен сенімді жеңіске жеткен.

«Астана» – «Парма-Пари» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Ойынды ВТБ Бірыңғай Лигасының сайтынан мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.