«Қайраттың» 22 жастағы жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов алматылық клубпен жаңа келісімге қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалған.

Үсенов футболдағы мансабын 2018 жылы екінші лигадағы «Қайрат М» клубының құрамында бастады. 2020 жылдың 7 наурызында «Таразға» қарсы матчта Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады.

2020 жылдың 18 қазанында «Талдықорғандық «Жетісу» командасына қарсы ойында Қазақстан Премьер-лигасында алғашқы голын соқты.