Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев оңтүстіккореялық спортшы Ким Вон Джиннен жеңіліп, Гранд-слэм турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақтағы финалда 27 жастағы қазақстандық спортшы 30 жастағы оңтүстіккореялық дзюдошы Ким Вон Джинге есе жіберді. Жартылай финалда Серікбаев әлем чемпионы Лухум Чхвимианиді жеңген болатын.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық дзюдошы D тобында жеңіске жеткен болатын. Гранд-слэм турнирі Өзбекстан астанасында 5 наурызға дейін өтеді.