Қазақстандық файтер Жансерік «Джакс» Жақсығұлов (4-2) Ташкенттегі OCTAGON 42 турнирінде лиганың «уақытша» чемпиондық белбеуін алғысы келетінін мәлімдеді.

«Барлық «ганстерлер» аз уақытта жекпе-жекке шығудан қорықты. Ал шын мықты кез келген жерде, кез келген уақытта жекпе-жекке шығады! Бәрі мені жеңіледі деп ойлайды, бірақ біз, қазақтар, әрқашан соңына дейін күресеміз. Бозорв үшін ауыр түн болатынына кепілдік беремін!», – деді Жақсығұлов.

Еске салайық, 4 наурыз күні өтетін жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жеңіл салмақта Достон Бозоров (7-1) пен Жансерік Жақсығұлов (3-2) «уақытша» чемпион белбеуінің иесін анықтайды.

Жеңіл салмақтағы бос тұрған титулға қырғызстандық Арген Әбдіқадыров (7-0) пен өзбекстандық Мухаммаджон Курбанов (9-4) таласады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы