Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Сантьягода (Чили) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде олар Үндістаннан келген С. Баладжи/Дж. Недунчежиян жұбынан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 1 сағат 39 минутқа созылған кездесу 7:5, 4:6, 11:9 есебімен аяқталды.