Тәжікстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Хусрав Тоиров Қазақстанның «Атырау» командасынан Донецктің «Шахтеріне» ауысып, 2028 жылға дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тоиров 15 жасында өзінің туған клубы «Локомотив-Памир» сапында дебют жасады. 2022 жылдың тамыз айында ол Қазақстан Премьер-Лигасының «Атырау» клубына ауысып, 11 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Атырау» бұл трансферден 150 мың еуродан астам табыс табатыны және ойыншыны одан әрі қайта сатудан да пайыз алатыны хабарланған болатын.