«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Марибормен» өткен кездесу жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ең алдымен, барша қазақстандықтарды бұл жеңіспен құттықтағым келіп тұр. Біз үшін бұл маңызды жеңіс. «Марибор» сияқты мықты команданы ұтқанымызға өте қуаныштымыз. Он ойыншымен ойнаған ауыр болды, десек те қорытынды нәтижені сақтай алдық. Шабуылда мықты ойнадық, бірақ Патрик, Бауыржан мен Таңат одан да жақсы ойын көрсете алады. Екі ойынның қорытындысы бойынша біз мықтырақ болдық», - деді Стойлов.