Қазақстан футбол федерациясы The Best FIFA Football Awards 2022 жеңімпаздарын анықтау кезінде Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев пен ел бас құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің дауыс беру хаттамаларынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Магомед Адиев: «Үздік ойыншы» номинациясы – Лионель Месси, Килиан Мбаппе, Лука Модрич; «Үздік жаттықтырушы» номинациясы – Карло Анчелотти, Лионель Скалони, Валид Реграги.

Асхат Тағыберген: «Үздік ойыншы» номинациясы – Лионель Месси, Карим Бензема, Лука Модрич; «Үздік жаттықтырушы» номинациясы – Хосеп Гвардиола, Карло Анчелотти, Лионель Скалони.

Еске салайық, The Best FIFA Football Awards 2022 марапатының «Ерлер арасындағы үздік ойыншы» номинациясы бойынша Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси, «Ерлер командаларының үздік жаттықтырушысы» номинациясы бойынша Лионель Скалони топ жарды.