«Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы португалиялық футболшы ақпан айында төрт матчқа қатысып 8 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Роналду маусымды «Манчестер Юнайтед» сапында бастаған, Англия Премьер-лигасында 10 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.