Ташкентте өтетін OCTAGON 42 турнирі аясында орта салмақта тартысты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әзербайжан Гундуз Набиев (4-2) мен өзбекстандық Ислом Балтаев (2-2) октогонда кездеседі. Жекпе-жек 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.

Еске салайық, 4 наурыз күні өтетін жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жеңіл салмақта Достон Бозоров (7-1) пен Жансерік Жақсығұлов (3-2) «уақытша» чемпион белбеуінің иесін анықтайды.

Жеңіл салмақтағы бос тұрған титулға қырғызстандық Арген Әбдіқадыров (7-0) пен өзбекстандық Мухаммаджон Курбанов (9-4) таласады.