Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының «ұшатын» шаңғышылары Илья Мизерных, Илья Шильников және Софья Шишкина «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

28 ақпанда Междуреченск қаласында (Ресей) Азия балалары ойындары аясында шаңғымен секіруден жарыс өтті.

Жарысқа Беларусь, Қазақстан және Ресейден 30-дан астам спортшы шықты.