Тәжікстандық файтер, «Камиль Каратэ» деген лақапатымен танымал Камариддин Хасанов (2-1) Ташкенттегі мейрамханада өзбек спортшысы Одилхон Камоловпен (2-2) қақтығысып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтерлер 4 наурызда OCTAGON 42 аясында күш сынасады, бірақ екеуі де жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүрген сыңайлы.

Еске салайық, қарсыластар жекпе-жек туралы хабарланғаннан кейін әлеуметтік желіде бір-біріне бірнеше рет тіл тигізіп, пікір білдірген еді.

Айта кетейік, Одилхон Камолов былтыр шілдеде OCTAGON 33 турнирінде қазақстандық Еркебұлан Тоқтарды (5-2) жеңген болатын.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы