Халықаралық футбол федерациясының арнаулы кубогын аты аңызға айналған футболшының жұбайы Марсия Аокиге Роналдо табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Парижде өткен The Best FIFA Football Awards™ 2022 салтанатты шарасын ашып берген ФИФА президенті Джанни Инфантино өз сөзінде Пелені еске алды.

«Король – О Рей – Пеле. Пеле туралы не айта аламыз? Пеле – футбол. Ол енді ортамызда жоқ. Қатты сағынамыз. Алайда, Пеле мәңгілік бізбен бірге болады. Бүгінгі салтанатты шараға бізбен бірге қатысқаны үшін Пеленің отбасына алғыс айтамын. Көп рахмет!» - деді ол.

ФИФА-ның арнаулы марапатын Пеленің жұбайы Марсия Аокиге Бразилияның супержұлдызы, халықаралық федерация мақтанышы Роналду табыстады.

Марсия Аоки футболдың әлемдегі барша фанатына, ойыншылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.