Алматылық «Қайрат» АФК Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңі аяқталуына төрт тур қалғанда мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

31-32 тур қорытындысы бойынша алматылықтар екінші орындағы рудныйлық «Аяттан» ұпай айырмасын 20-ға дейін арттырып, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Команданың алдында алты ойын бар, содан кейін плей-офф кезеңі басталады.

Еске салайық, «Қайрат» АФК 31-32 турда өз алаңында «Ақтөбені» екі рет (5:2 және 13:2) жеңді, ал «Аят» керісінше, ақтаулық «Каспийден» сырт алаңда екі рет (8:9 және 4:9) жеңіліп қалды.

Фото afckairat.kz