Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» өз алаңында Словения чемпионы «Марибор» клубын қабылдап, 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ойынды алаң иелері шапшаң бастады. Бірден шабуылға шығып, жылдам гол соғуға тырысты Станимир Стойловтың шәкірттері. Жылдам шабуылдың арқасында 12-ші минутта «Астана» командасы есепті ашты. Максимовичтың айып алаңында тепкен добын Ханданович қайтарғанымен, екінші леппен Бауыржан Жолшиевтің жасаған соққысына тосқауыл бола алмады. Есеп - 1:0. Гол соққанмен елордалық футболшылар жылдамдығын бәсеңдетпеді. 10 минут өткеннен кейін Каньястың алыстаған жасаған жойқын соққысы қақпа бағанасынан сәл ғана қиыс кетті. Бұдан кейін қос тарап ойынын біразға дейін бәсеңдетті. Тек 39-шы минутта бұрыштамадан доп көтерілгеннен кейін Логиновский допты уысында ұстай алмай, қателесті. Қақпа алдындағы қарбаласта «Марибор» ойыншысы Райкович сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. Бірер минуттан кейін Таңат Нөсербаевтың гол соғуға мүмкіндігі болды.  Жуковтан пас алған «Астана» капитаны жойқын соққы жасағанымен, қақпа маңдайшасынан биік кетті. Алғашқы таймның аяқтауына санаулы минуттар қалғанда Роджер Каньяс алыстан жойқын соққы бағыттады, доп жол-жөнекей қарсыластың аяғына тиіп, бағытын өзгерте қақпаға дөп түсті. 

 

 

Екінші таймды алаң иелері басымдықпен бастады. 58-ші минутта сол қапталдан Твумасиге қақпа маңында тұрған әріптестеріне қарай пас асырды, алайда Патриктің пасы жойқын шығып, «Марибор» қақпашысы Ханданович қайтара алған жоқ. Есеп айырмасын қысқартуға ұмтылған словениялық футболшылар 100 пайыздық мүмкіндігін пайдалана алмады. Айып добынан кейін Райковичтің бос тұрған қақпаға 2 метр жерден дәл соққы жасауға шамасы келмеді. 68-ші минутта «Марибор» ойыншысына қарсы ереже бұзған Роджер Каньяс екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ойын аяқталу аз уақыт қалғанда қонақтар шабуылын үдете түсті. 82-ші минутта Шулердің қақпа маңында соққы жасап еді, Логиновский өз орынан табыла білді.

«Астананың» келесі кезеңдегі қарсыласы Финляндияның ХИК командасы. ХИК латвиялық «Вентспилс» клубын өз алаңында 1:0, сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге шыққан болатын.

Чемпиондар Лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Қарымта кездесу. Бірінші ойын - 0:1.
 
«Астана» (Астана, Қазақстан) - «Марибор» (Марибор, Словения) —  3:1
 
Голдар: Жолшиев 11 (1:0); Райчевич 39 (1:1); Каньяс 43 (2:1); Твумаси 58 (3:1)
 
Ескертулер: Каньяс 55, Мертель 57,  Каньяс 67 (алаңнан қуылды), Вилер 72, Шулер 82.
 
«Астана»: Логиновский, Аничич, Илич, Постников, Максимович (Кетевоама,46), Жуков, Нөсербаев (Дедечко,71), Шомко, Каньяс, Жолшиев, Твумаси (Бейсебеков, 83)
 
«Марибор»: Ханданович, Шулер, Райчевич, Вилер, Стоянович, Ибраими, Менди, Кабха Мертель (Филипович,60), Таварес, Бохар (Вршич, 77)
 
Бас төреші: Жакотте (Швейцария)
 
21 шілде. Астана. «Астана Арена».