Швед жеңіл атлеті Арман Дюплантис жабық ғимаратта өткен жарыста (таяқпен секіруден) жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Францияның Клермон-Ферран қаласының жабық аренасында өткен жарыста швед спортшысы таяқпен секіруде үшінші әрекетте 6,22 метр болатын биіктікті еңсерді.

Айта кету керек, бұл - Арман Дюплантистің алтыншы әлемдік рекорды. Ол ашық алаңдарда (6,21 м) және жабық ареналарда өткен жарыстардың (6,22) рекордсмені болып табылады. Бірнеше жылдан бері халықаралық аренада оның рекордын жаңғыртқан ешкім жоқ.