Бангкок қаласында (Таиланд) джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында 7-ші Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Eліміздің туы сегіз мәрте көтерілді. Самат Сәрсенұлы (56 келі), Әбу-Бәкір Жәнібек (62 келі) және Руслан Кенжеғара (69 келі) 2023 жылғы Азия чемпионы атанды. Жеңіс Нұрлыбаев (56 келі), Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (69 келі) және Жандос Нұрмұханбетов (85 келі) Азия турнирінің күміс жүлдегерлері деп танылды. Қола жүлделерді Бекзат Баймұратов (77 келі) пен Лев Винс (94 келі) алып келеді.

Қазақстан құрамасы қазір медальдар бойынша жалпыкомандалық есепте екінші орында. Турнир 28 ақпанға дейін жалғасады