Абу-Дабиде (БАӘ) UAE Warriors 36 турнирінде «Қазақ алыбы» лақап атымен танылған қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы (13-3-1) бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асылжан Бақытжанұлы UAE Warriors 36 турнирінің негізгі жекпе-жегінде аргентиналық Эмилиано Сорды нокаутқа түсірді. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық соңғы жекпе-жегін Екатеринбургтегі RCC 13 турнирінде Иван Штырковқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ресейлік спортшы жеңіп кеткен еді - 29-28.