«Қайрат» футбол клубы Арменияның астанасы Ереванға ұшып келді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».  

Ертең алматылық ұжым Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Алашкерт» командасымен күш сынасады. Кездесу астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын «Қайрат» өз алаңында армениялық команданы 3:0 есебімен жеңген болатын.