Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 25-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен шеберлік байқасты. Бірінші сетте Бублик сәтті ойнай білді – 7:5. Есесіне екіншісінде болгариялық спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Онда сәттілік Александр жағында болды – 7:6 (8:6).

Екі сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 16 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 14 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 11-інші, турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездеседі.