«Реал Мадрид» клубының ойыншысы Криштиану Роналду командалық жаттығуды аяқтамастан кетіп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Айта кетсек, бұған себеп болып отырған жаңа бапкер Рафаэль Бенитеспен арасындағы қарым-қатынас. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, португалдық футболшыға жаңа бапкердің кейбір жаттығу түрлері ұнамай қалып, сөзге келіп қалған көрінеді.