25 ақпанда Атырау, Орал, Ақтөбе және Ақтау қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының 31-туры аясында төрт матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Назарларыңызға аталған кездесулердің тікелей трансляциясын ұсынамыз (Астана уақытымен).

18:00. «Атырау» – «Астана». Трансляция «Атырау» клубының Youtube-арнасында қолжетімді.

19:00. «Бәйтерек» (Орал) – «Ордабасы» (Шымкент). Ойынды «Бәйтерек» клубының Youtube-арнасынан көруге болады.

19:00. «Рахмет» (Ақтөбе) – «Жетісу» (Талдықорған). Кездесуді Altyn Media Aktobe Youtube-арнасынан көруге болады.

21:00. «Каспий» (Ақтау) – «Аят» (Рудный). Трансляция «Каспий» клубының Youtube-арнасында қолжетімді.