Хайденхаймда (Германия) семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында қазақстандық Руслан Курбанов қола жүлдегер атанды. Төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен ол жартылай финалда жапониялық Коки Канодан жеңіліп қалды.

108 000 ұпай жинаған Руслан Курбанов Халықаралық семсерлесу федерациясының рейтингісінде тоғызыншы орында тұр.

Қазақстандық өзге спортшылардың нәтижесі :

15. Эльмир Алимжанов52. Георгий Тинников54. Ерлик Сертай168. Дмитрий Алексанин184. Габидин Мустафин188. Вадим Шарлаимов195. Богдан Лукин240. Александр Федотов244. Александр Савин.