25 ақпанда алматылық «Қайрат» Ташкентте жергілікті «Пахтакормен» жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеңес дәуірінде бұл екі команда арасындағы текетірес тартысқа толы болатын. Бұл бәсекелестік сол кезде «Орталық Азия дербиі» деп атайтын.

«Пахтакор» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен 17:55-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфиред көрсетеді.