«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақстан футболын дамытуға өз үлесін барынша қосуда, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бүгінгі таңда корпорация мен «Астана» футбол клубы арасында команданың УЕФА Чемпиондар Лигасы және қажет болса Еуропа Лигасы аясындары барлық ойындарын (өз алаңы мен қонақтағы) көрсету туралы келісім бекіді.
 
Осыған сәйкес ертең, яғни 22 шілдеде сағат 19:45-те «Астана» мен словениялық «Марибор» арасындағы матч «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, көрермендер 23 шілдеде сағат 08:40 пен 23:50-де ойынның қайталауын тамашалай алады.
 
Айта кетейік, Словениядағы алғашқы ойын 1:0 есебімен «Марибордың» пайдасына шешілген еді.