Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов «Ордабасы» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Айбар бұған дейін «Жетісу» және «Тобыл» командаларында ойнап, 23 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Қош келдің, Айба!», - деп жазды клуб.