Бүгін Болгарияның астанасы Софияда кіші әлем чемпионаты деп аталатын бокстан 74-ші Странджа халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов өзбекстандық Абдумалик Халоковпен кездесті.

57 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.