Шымкенттік «Ордабасы» 29 жастағы қорғаушы Темірлан Ерлановпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ресми: Қазақстан құрамасының футболшысы Темірлан Ерланов «Ордабасы» командасының ойыншысы атанды!

Темірлан еңбек жолын «Сұңқарда» бастады. Одан кейін «Восток», «Тобыл», «Ақтөбе» сияқты командаларда өнер көрсетті. 2016 жылы қорғаушы шымкенттік «Ордабасымен» еңбек келісіміне қол қойып, 97 кездесу өткізіп, 11 гол соққан.