Бүгін таңертең «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңнің қарымта кездесуін өткізу үшін Арменияға ұшып кетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдейді. Естеріңізге сала кетсек, бірінші ойын «Қайраттың»  пайдасына шешілген болатын (3:0). Егерде қазақстандық команда келесі кезеңге өтіп жатса, онда ол «Риека» (Хорватия) - «Абердин» (Шотландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. «Алашкерт» - «Қайрат» матч шілденің 23-ші, сағат 21:00-де басталады.
 
Алматылық клубтың құрамасы:
 
Қақпашылар: Владимир Плотников, Сергей Ткачук;
 
Қорғаушылар: Тимур Рудосельский, Заурбек Плиев, Бруно Соарес, Марк Гурман, Жарко Маркович, Ермек Қуантаев, Исламбек Қуат;
 
Жартылай қорғаушылар: Жамбыл Көкеев, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэл, Аслан Дарабаев, Виталий Ли, Сержиньо, Рифат Нурмугамет, Ұлан Қонысбаев, Анатолий Тимощук;
 
Шабуылшылар: Жерар Гоу, Сито Риера, Станислав Лунин, Джордже Деспотович, Тоқтар Жаңғылышбай.