UEFA Конференция лигасы 1/8 финалына шыққан сегіз команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер 23 ақпаннан 24-не қараған түні Еуропа лигасы 1/16 финалы ойындарын тамашалады.

Аталған ойындар арасынан италиялық «Фиорентина» өз алаңында португалиялық «Спортинг Браганы» 3:2 есебімен сүріндірді. Алғашқы кездесуде итальяндар 4:0 есебімен жеңген еді. Қос ойынның нәтижесімен «Фиорентина» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Барлық ойынның нәтижесі төмендегіше:

«Андерлехт» (Бельгия) - «Лудогорец» (Болгария) 2:1, пенальтиден 3:0 (бірінші ойын 0:1)

«Партизан» (Сербия) - «Шериф» (Молдова) 1:3 (1:0)

«Днепр-1» (Украина) - «АЕК Ларнака» (Кипр) 0:0 (0:1)

ЧФР (Румыния) - «Лацио» (Италия) 0:0 (0:1)

«Гент» (Бельгия) - «Карабах» (Әзербайжан) 1:0, пенальтиден 5:3, (0:1)

«Базель» (Швейцария) - «Трабзонспор» (Түркия) 2:0 (0:1)

«Фиорентина» (Италия) - «Спортинг Брага» (Португалия) 3:2 (4:0)

«Лех» (Польша) - «Бодо-Глимт» (Норвегия) 1:0 (0:0)

Енді 1/8 финал ойындары 9 және 16 наурыз күндері өткізіледі.