Бүгін баскетболдан Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Әлем кубогының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Қытаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем біріншілігінің финалына шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Қазақстанға тек жеңіс керек еді, алайда Олег Киселевтің шәкірттері Қытай құрамасынан 59:71 есебімен жеңіліп қалды.

Біздің құрама сапында ең нәтижелі ойыншы Вадим Щербак атанды. Ол 8 ұпай жинады.

Қытай - Қазақстан 71:59 (21:12, 22:10, 16:18, 12:19)

Фото nbf.kz